Тағдыр мынау жемістің
Қайсысын маған арнаған:
Анасы - ару келісті,
Қызы да одан қалмаған.
Анасына ауса ынтам,
Кербез көрік мас қылып.
Балбырай піскен балғын тән,
Тамсантады жас қылық.
Көңілге түсті қайғы шын:
Есектен жоқ айырмам,
Қос маяның қайсысын
Тапарын білмей аңырған.
1960 Әбіш Кекілбаев, Тағдыр мынау жемістің songtext, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store