Мойындау songtext

Әбілқайыр Жарасқан

Мойындау

0
0

Teilen:


1. Қасыңда жүрсем - қасқамын,
алыста жүрсем - басқамын.
Жасаған күнәм жетерлік,
кешіре алсаң, кеш, жаным!
 
припев:
Өзіңсің Айым, сұлуым - 
өмірлік темір қазығым...
Ақылдым, егер түсінсең,
ақынмын! Осы жазығым!
 
2. Қасыңда жүрсем - қағынам!
алыста жүрсем - сағынам.
Айыбым бастан асады,
ақталмағанда, не қылам?
 
припев:
Өзіңсің Айым, сұлуым - 
өмірлік темір қазығым...
Ақылдым, егер түсінсең,
ақынмын! Осы жазығым! 
 
Әбілқайыр Жарасқан, Мойындау songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

24.10.2015