Жүрегімді жалындатып барады.
Саған ғана арналады, ғашығым,
Дүниенің бар қызығы, бар әні.
Азабым да - сен,
Ғажабым да - сен.
Ажарым да - сен,
Базарым да - сен,
Айнаш-ау!
Кеудем толы найзағайдың жарқылы,
«Уһ!» - дегенде от шығады жүректен.
Қанатыңмен су себелеп, алтыным,
Өзің ғана құтқара гөр бұл өрттен.
Азабым да - сен,
Ғажабым да - сен.
Ажарым да - сен,
Базарым да - сен,
Айнаш-ау!
Құдірет-ау, махаббаттың асылы,
Оянды ма алау атып арманың?
Дүниенің бар қызығын, ғашығым,
Жалғыз саған, жалғыз саған арнадым!
Азабым да - сен,
Ғажабым да - сен.
Ажарым да - сен,
Базарым да - сен,
Айнаш-ау!
Жұмабай Тәшенов, Айнаш-ау Şarkı Sözleri, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store