Бақытыңды жырлайды Şarkı Sözleri

Төреғали Төреәлі , Мұқасан Шахзадаев

2018

28
0

Paylaş:



Жыламашы шырағым күңіренген қобыздың бұрамашы құлағын
Ұмыт болып мына күн сейіледі мұнарың
Жыламашы шырағым шашыратып шуағын
Мен білемін мына күн
Шұғыламен тынарын

Қайырмасы
Шаттықпенен қуаныш
Өкінішпен мұң қайғы өмір бақи тұрмайды
Алма кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Менде мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды

Аттанады мына күн
Ашылады аспаның
Шашылады аспанға сенің жақұт тастарың
Сонау алыс асқарға
Асылады шашбауың
Шашырайды басқа нұр
Қосылады бастарың

Қайырмасы
Шаттықпенен қуаныш
Өкінішпен мұң қайғы өмір бақи тұрмайды
Алма кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Менде мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды

төреғали, төреәлі, төралі, торегали, тореали, toregali, toreali, Бақытыңды жырлайды Şarkı Sözleri, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Metini düzeltti

19.04.2018
Kullanıcılar