Төлеген Айбергенов Өсіп келе жатырмын (0) Şarkı Sözleri

Өсіп келе жатырмын Şarkı Sözleri

Төлеген Айбергенов

0
0

Paylaş:


Кеудесінде таулардың,
Кемесінде арманның,
Жалау етіп өрлікті,
Ескек етіп ерлікті,
Есіп келе жатырмын!
Адал терін әрдайым,
Моншақтатып маңдайым...
Соқсын дауыл, соқпасын,
Қиындықтың көк тасын,
Кесіп келе жатырмын.
Кейде күнмен теңесем.
Таласып күнмен мен өсем.
Гүл теремін жерімнен,
Бірге туған елімнен
Өсіп келе жатырмын!






GM

Sözü ekledi

26.08.2016