Сүйдім-ау сені көз жасыммен егіліп.
Сүйдім сені таңғы самал жел болып,
Сүйдім сені тамшы болып егіліп.
Сүйдім сені күнін күткен аспандай,
Сүйдім-ау сені толқын күткен тастардай.
Сүйдім бұлттай, мең-зең болып, сіресіп,
Тұрып қалған көздерінен жас тамбай.
Сүйдім сені жаңбыр күткен даладай,
Сүйдім-ау сені ұлын күткен анадай.
Ертешлі-кеш көк теңізге телміріп,
Сүйдім-ау сені ойға батқан жағадай.
М. Жүнісов М. Жүнісов, Сүйдім сені Şarkı Sözleri, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store