Сағыныш моншақтары Şarkı Sözleri

Қайрат Нұртас

Сағыныш моншақтары

9
0

Paylaş:



1.Бейнеңнің тек елесі мен
Аралап ақ айдынды
Жібектей өлең есіп ем
Серік қып талай мұңды
Көңілдің терезесінен
Сығалап арай күлкі
Өмірдің жеребесінен
Жолымыз қақ айырылды

қайырмасы:
Сен барда ұмытқандаймын
Өмірдің бар қайғысын
Жанымды жылытқандаймын
Кетсеңде шалғай құсым
Сағымға бастап барады
Сезімім сол шақтағы
Жанардан жас боп тамады
Сағыныш моншақтары

2.Жанымды жылытпаймын ба
Қоштастық шіркін неден
Сен жалғыз жүріп қайғырма
Бар кінә мүмкін менен
Мен сені ұмытпаймын да
Жаныңа бір күн келем
Сезімді құлыптаймын да
Қолыңа кілтін берем
қайрат, нұртас, кайрат, нуртас, kairat, nurtas, qayrat, qairat, Сағыныш моншақтары Şarkı Sözleri, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Yorumlar

Айгерім

21 Aralık 2016

Өте жақсы ән екен

Anonymous

08 Şubat 2017

бул менин суйкти аним

GM

Sözü ekledi

27.10.2015