Аспан жерге таңырқап тұр,таңырқап тұр ақ маңдай
Бір біріне ғашық екі дүние
Сырласа алмай бұлттаса алмай
Мұңдаса алмай мұңдаса алмай жатқандай
Қайырмасы
Сары дүние самал аспан жарық дүние
Жайма шуақ жаздың түні мамық түн
Құс жолында керуенін доғарып
Тұйық қана ұйықтап жатыр, ұйықтап жатыр алып күш
Құс ұшпайды ерлеспейді тып тыныш
Жұлдыз қандай Жұлдыз қандай Жұлдыз қандай тұп тұнық
Жер мен аспан екі алыптың қойнында
Ұйықтап жатыр ұлан ғайыр,ұлан ғайыр мықтылар
Қайырмасы
Сары дүние самал аспан жарық дүние
Жайма шуақ жаздың түні мамық түн
Құс жолында керуенін доғарып
Тұйық қана ұйықтап жатыр, ұйықтап жатыр алып күш
Айжан Керім, Ауыл түні Şarkı Sözleri, 2018 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store