Төлеген Айбергенов Өсіп келе жатырмын (0) текст песни

Өсіп келе жатырмын текст песни

Төлеген Айбергенов

0
0

Поделиться:


Кеудесінде таулардың,
Кемесінде арманның,
Жалау етіп өрлікті,
Ескек етіп ерлікті,
Есіп келе жатырмын!
Адал терін әрдайым,
Моншақтатып маңдайым...
Соқсын дауыл, соқпасын,
Қиындықтың көк тасын,
Кесіп келе жатырмын.
Кейде күнмен теңесем.
Таласып күнмен мен өсем.
Гүл теремін жерімнен,
Бірге туған елімнен
Өсіп келе жатырмын!






GM

Добавил текст

26.08.2016