Тербеледі тың дала текст песни

С. Мұхамеджанов

Тербеледі тың дала

0
0

Поделиться:


Түнгі самал егін басын тербейді
Алыста қыр қарауытын көлбейді
Айдың нұры баяу ғана дірілдеп
Тың алқапты көкшіл шұғыла кернейді


Қайырмасы:
Айлы дала салқын самал тамаша
Екі ғашық қол ұстасып келе жатыр оңаша


Екі ғашық қол ұстасып келеді
Айтылмақ сөз, ақтармақ сыр көп еді
Бар болғаны жүрек тулап, дем ысып
Әлсін-әлсін ерінге-ерін төнеді


Қайырмасы:
Жанға рахат түннің салқын самалы!
Махаббаттың махаббаттың оты лаулап жанады


Махаббаттың оты лаулап жанады
Сол жалыннан жүрек сая табады
Түнгі дүние төңіректе мүлгиді
Тербеледі тың егіннің алабы


Қайырмасы:
Айлы дала салқын самал тамаша
Екі ғашық, екі ғашық келе жатыр оңаша

С. Мұхамеджанов
С. Мұхамеджанов, С. Мухамеджанов, Тербеледі тың дала, Тербеледи тын дала текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

28.10.2015