Қыз ұзату текст песни

Роза Әлқожа

2018

22
3

Поделиться:



Осылай жетелейді жыраққа арман
Құрбылар артта қалар сыр ақтарған
Туған үй, атаң қалды, анаң қалды
Артыңа қарайлама бірақ қарғам

Қайырмасы:
Көрсетіп жап-жарық жасаған жол,
Жақсылық әкелсін босағаң мол.
Жүрерсің анаңның ізіменен,
Жат жұрттық жарығым қош аман бол.

Несіне алаңдаумен егілемін
Бір емес екеу болды-ай сенің елің
Келіннің алды болғын айналайын
Еліңнің еркелеткен елігі едің

Қайырмасы:
Көрсетіп жап жарық жасаған жол
Жақсылық әкелсін босағаң мол
Жүрерсің анаңның ізіменен
Жат жұрттық жарығым қош аман бол


роза, әлқожа, алкожа, roza, alkozha, alkoja, Қыз ұзату, Кыз узату mp3 скачать, текст песни, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Мейрхат

Отредактировал текст

01.08.2018
Пользователи