Бір шаңырақ астында текст песни

Нұржан Асхатұлы

2016

0
0

Поделиться:


Жарық күн бар,
Күн бар жерде жарық бар.
Жарық күннен жылы сәуле алып қал,
Сол сәулемен күн кешуде бөлісіп,

Бір шаңырақ астындағы халықтар.
Күн дегенім – Тәуелсіздік тұғыры,
Бақытымыз, бар бағымыз бір ұлы.
Сәуле деген сол ұғымның жемісі,

Тату-тәтті сәтке толы ғұмыры.
Тәтті сәуле тәтті нұрын құйып тұр,
Біздің елде бар қауқарын жиып бір.
Бір-біріне ұқсамайтын саусақтар,

Бүгілгенде бір жұдырық түйіп тұр.
Бауырларға бауырмалдық сәті еніп,
Сол қасиет жетістікке әкеліп.
Ынтымақ пен бақ-береке тұрғанда,

Бірлігіміз жоқ екен, деу - қателік.

Қорғаушым да, қолдаушым да болып бір,
Жарылқаушым, бақытыңа жолықтыр.
Сан тағдырлар бір арнаға тоғысып,
Бір жүректің дүрсілі боп соғып тұр.
Нұржан Асхатұлы, Нуржан Асхатулы, Бір шаңырақ астында, Бир шанырак астында текст песни, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Добавил текст

04.05.2016