Толқынды толқын жалғасын (Ағаларымен)

Ернар Айдар

2018

7
0

Поделиться:





Загрузка...



Сөнбесе деп өмірде жанған бағым
Үлгі тұттым қазақтың тарландарын
Сахынаның еркесі Нұр-Мұқасан
Ағамыздай болсам екен деп армандадым
Ақ тілегін ағаңда жасырмасын
Жалындап жарқылдайтын жасыңдасын
Ел тілегі еңсеңді биіктетіп
Бүгін міне ағаңның қасындасын

Қайырмасы
Көрермен қолын соғатын
Өнерпаз жанын салатын
Толқынды толқын жалғасын
Қазақтың әнін салатын
Замандар алмастыратын
Жоғалтып алмастыратын
Ағаның інісі болсын
Арманын жалғастыратын

Сүйсіндірген көрсетсе самғауларын
Ұлтым деген таныдым нарлар барын
Досымжан мен Саяттай ағалардың
Биігіне жетсем деп армандадым
Ел көңілін ауласын ер жүректер
Қазақ сыр баршаға бер жүрегін
Бізді жолды ертеңге сен жалғайсың
Тыңдаушының жүрегін елжіретіп

Қайырмасы
Көрермен қолын соғатын
Өнерпаз жанын салатын
Толқынды толқын жалғасын
Қазақтың әнін салатын
Замандар алмастыратын
Жоғалтып алмастыратын
Ағаның інісі болсын
Арманын жалғастыратын

Ернар Айдар Толқынды толқын жалғасын (Ағаларымен) текст песни, Ернар Айдар Толкынды толкын жалгасын (Агаларымен) текст песни, Ернар Айдар 2018


Загрузка...





Айгул

Отредактировал текст

14.09.2018
Пользователи