Айтарым бар текст песни

Бекзат Әбілдін

Айтарым бар

0
0

Поделиться:


Айтарым бар ағайын айтарым бар
Адал сөзге қашан да қайтарым бар
Жүректегі сезімді-ай таразылап
Ел алдында өзімді-ай байқағанмын
 
Айтарым бар ағайын ауылдастар
Жақсы жолдас айналар бауыр досқа
Тату болса көршілер бір бірімен
Бір болады қоғамда-ай қауымдастық
Айтарым бар ағайын айтарым бар
 
Айтарым бар ағайын інілерге
Ар ойлайтын солар ғой бүгін елде
Ізгілігін інілер жоғалтса егер
Тұтас ұлдың сүрініп бүлінерде
 
Айтарым бар ағайын ағаларға
Інісінің ізетін бағаларға
Арқа сүйер ақылшым ақ жайлауым
Ағаларға басқаша-ай баға барма
Айтарым бар ағайын айтарым бар
 
Айтарым бар ағайын ұрпағыма
Айналатын болашақ ұрпағына
Адам өсіп-өнеді ұрпағымен
Бапталса аналар құрсағымен
 
Айтарым бар ағайын бәріңізге
Үлкен-кіші, жасыңыз, кәріңізге
Болашағы қазақтың тарихындай
Бабалардың жазылған әр ізінде
 
Аз да болса осылай айтарым бар
Өздеріңе өздерің ой салыңдар
Тамырымыз бір жерден нәр алғасын
Отанындай бір талдың жайқалыңдар
Айтарым бар ағайын айтарым айтарым бар
Айтарым бар ағайын айтарым бар
Айтарым бар ағайын айтарым бар
Бекзат Әбілдін, Бекзат Абилдин, Айтарым бар, Айтарым бар текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

24.10.2015