Ұлылар үні болған ҚАЗАҚПЫН текст песни

Аязбай Ақылбек ЖЕМЕНЕЙ

2017

3
1

Поделиться:



Қаңлы ,суан,шапырашты
Дулат,албан асты ошақты сары үйсінім дүр қахарман
Сіргелі мен жалаиыр шанышқылы табылар
Ақ арыстың ұлдары боп бір қатардан
Найман, керей,арғын қып шақ қоңыраттың
Бəрі мықты тобықты өрі уақтық
Тəңірберген сыиы осы
Ұрпақтары иесі Жанарыс бабам көтерген шаңырақты
Байбақты шерге жүзсін жаппасадай
Əлім табын тақымынан ат босамай
Он екі ата бай ұлы жеті рулы жайығын
Бекарарыстың ашылмаиды қақпасы оңаи
Ақарыс Бекарыс пен Жанарысым
Қазақ үшін барлығында бағалысың
Шекарасын сызбаған ынтымағын бұзбаған
Жұдырық болып жұмылатын далам үшін
Ұлы дала ұлы қорған алланың құлы болған
Ұлылар үні болған қазақпын
Қожа сунақ төлеңгіт төрелерін
Олар барда мен кімдерден бөлінемін
Бəріміз де бір қазақ көтеретін туды азат
Сендермен шын бақытқа бөленемін
Көк тулы Астаналы азаттықтың
Қорғаны болғандаимыз ғажап тіпті
Үш атадан тарасқан ынтымағы жарасқан
Бірлігімен бұл жалғанда қазақ мықты
Ұлы дала ұлы қорған алланың құлы болған
Ұлылар үні болған қазақпын
Аязбай Ақылбек ЖЕМЕНЕЙ, Аязбай Акылбек ЖЕМЕНЕЙ, Ұлылар үні болған ҚАЗАҚПЫН, Улылар уни болган КАЗАКПЫН mp3 скачать, слушать, текст песни, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Отредактировал текст

24.01.2018
Пользователи