Байдың қызы

Әбдіжаппар Әлқожа

2018

25
0

Поделиться:





Загрузка...



Байлық сенің жан-жараңды емдей ме
Жар болуды қаламайсың мендейге
Сонда сенің махаббатың болуға
Материалдық жағдайым келмей ме?

Қайырмасы:
Іздейді ме байдың қызы бай ғана
Мен жердемін сендік көңіл Айда ма?
Қарапайым отбасында ер жеткен
Шаруаның баласымын жай ғана
Ақ арманы Айдан биік Айдана
Бақытыңды байлық үшін байлама
Мен ауылда тұрғым келеді өзіңмен
Ал сеніңше қалағаның қай қала?

Алдыңда кінәсі бар адамдай
Жүрмін әлі көңіліңді таба алмай
Болмасам да сен іздеген бай адам
Болғаным жетпейді ме саған бай.

Қайырмасы:
Іздейді ме байдың қызы бай ғана
Мен жердемін сендік көңіл Айда ма?
Қарапайым отбасында ер жеткен
Шаруаның баласымын жай ғана
Ақ арманы Айдан биік Айдана
Бақытыңды байлық үшін байлама
Мен ауылда тұрғым келеді өзіңмен
Ал сеніңше қалағаның қай қала?
Әбдіжаппар Әлқожа Байдың қызы текст песни, Абдижаппар Алкожа Байдын кызы текст песни, Әбдіжаппар Әлқожа 2018


Загрузка...





Admin

Отредактировал текст

06.11.2018
Пользователи