Жылайды жүрек сөзі

Жігер Ауыпбаев

Жылайды жүрек

3
0

Бөлісу:



Шат көңiл қайда? Тәттi өмiр қайда?
Бiз екеумiз бiр кешкен,
Пәк қалпың қайда? Мақпал түн қайда?
Үнсiз ғана тiлдескен.
Тағатсыз күттiм, Таусылып бiттiм,
Үмiтiмдi үзбестен.
Қайта оралмадың, Аңсар арманым,
Шығардың ба мүлде естен?!
 
Қайырмасы:
Жылайды жүрек жылайды-ай
Жаныңның сырын ұға алмай.
Қираған сезiм айнасы
Қинайды қайта құралмай.
Жылайды жүрек жылайды-ай
Адастым сенен бұл қалай?!
Сен жасы болсаң көзiмнiң
Өтер ем мәңгi жыламай.
 
Көңілім күмән, Өмірім тұман
Еске түссе елесін,
Қылықтым күнім, Үміттің жібін 
Үзбей түске енесін.
Iздеп ізгілік, Бірге жүздіріп 
Арманның ақ кемесін.
Сезім бағына, Менің жаныма
Айтшы қашан келесің?!
 
Қайырмасы:
Жылайды жүрек жылайды-ай
Жаныңның сырын ұға алмай.
Қираған сезiм айнасы
Қинайды қайта құралмай.
Жылайды жүрек жылайды-ай
Адастым сенен бұл қалай?!
Сен жасы болсаң көзiмнiң
Өтер ем мәңгi жыламай.
 
Жігер Ауыпбаев, Жигер Ауыпбаев, Жылайды жүрек, Жылайды журек mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

20.10.2015