Шын дос сөзі

Жігер Ауыпбаев

Шын дос

2
0

Бөлісу:



Өмірге келеді адам қайту үшін,
Аллаға сансыз шүкір айту үшін.
Тәніңді тапсырғанда қара жерге,
Қасыңа бірге жатар қай туысың?
Қоштасар жаным деген жарыңыз да,
Айналып қайғысы мен зары мұзға.
Өлгенде ол да саған дос болмайды,
Әйтеуір серік болар барыңызда.
Балаңда еріп бармас шырақ қалар,
Қолынан бар келгені жылап қалар.
Кезегі келген кезде келмес шақтан,
Олдағы мәңгілікке тұрақ табар.
Ажалдың кеткен кезде уысында,
Досыңды алып қалмас туысың да.
Ешкімге имей кеткен ғазиз басың,
Шіриді қара жердің қуысында.
Сондағы сенгеніміз баламыз ба?
Олдағы жолай алмас маңымызға.
Жоқ әлде өлген кезде тірек болар,
Атақ, даңқ, тәжіңіз бен тағыңыз ба?
Қараша келген кезде солған гүлдей,
Араша болмас олар жаныңызға.
Шыққанда өмір дейтін жолыңыздан,
Осының бәрі үзілер қолыңыздан.
Ыңғырған жылқы, сыйыр, қойларыңыз,
Олар да еріп бармас соңыңыздан.
Басыңнан өткен кезде заманыңыз,
Өшеді жарық көрер жанарыңыз,
Сол кезде сізбен бірге еріп барар.
Жасаған тірлігіңдей амалыңыз,
Аллаға деген берер иманыңыз.
Сол болар қалқаның мен қамалыңыз,
Бұл өмір өте шығар көш емес пе?
Түспейік сондықтан да бос егеске,
Оқыған намазың мен оразаңыз,
Құдайдың бізге берген хошы емес пе?
Зекетің, барып келген қажылығың,
Жаны ашыр жолдастарың осы емес пе?
Мал да емес, байлық емес, туыс та емес,
Пендеге иман мәңгі дос емес пе? 
Жігер Ауыпбаев, Жигер Ауыпбаев, Шын дос, Шын дос mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

20.10.2015