Үйлерің әшекей өрнекті.
Күнменен таласқан шығыста
Өзіңдей қала жоқ сәулетті.
Қайырмасы:
Жайнаған Алматым – нұр қала,
Көңілді, шуақты жыр қала.
Бауырлас достықтың мекені,
Құлпырған жасампаз гүл қала.
Күміс қар жамылған шың басы,
Алатау тұр асқақ тұлғасы.
Шаттығы шалқыған етегі,
Бұлбұлын сайраған тыңдашы!
Қайырмасы:
Жайнаған Алматым – нұр қала,
Көңілді, шуақты жыр қала.
Бауырлас достықтың мекені,
Құлпырған жасампаз гүл қала.
Аймалап нұрлы күн шапағы,
Шұғыла қалама шашады.
Салтанат жарасқан Алматым,
Қонаққа құшағын ашады.
Қайырмасы:
Жайнаған Алматым – нұр қала,
Көңілді, шуақты жыр қала.
Бауырлас достықтың мекені,
Құлпырған жасампаз гүл қала.
Сұлтанғали Лұқпанов, Султангали Лукпанов, Жайнаған Алматым, Жайнаган Алматым сөзі, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store