Кел аулыма жайнаған.
Аулым – табыс ордасы,
Қызу еңбек қайнаған.
Қайырмасы:
Ен жайлауды жайлаған
Біздің ауыл осындай!
Тербетілген толқындай,
Алтын астық айналам.
Қырда қыруар қалың мал,
Бау бақшалы сай-салам.
Қайырмасы:
Ен жайлауды жайлаған
Біздің ауыл осындай!
Жалын атқан жанары,
Ауыл толы жастарым,
Бақытын ұдай табады,
Бейбіт күні ашық аспаным.
Қайырмасы:
Ен жайлауды жайлаған
Біздің ауыл осындай!
Абырайың асады,
Келші, досым, ауылға.
Көңілің көл боп тасады,
Жаңалық көп ауылда.
Қайырмасы:
Ен жайлауды жайлаған
Біздің ауыл осындай!
Сұлтанғали Лұқпанов Сұлтанғали Лұқпанов, Султангали Лукпанов, Біздің ауыл осындай, Биздин ауыл осындай сөзі, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store