Жүрек сыры сөзі

Шәмші Қалдаяқов

Жүрек сыры

5
2

Бөлісу:


Мен туыппын ақпандатқан боранда
Кім біледі, бәлкім әлде сонан ба?!
Алақұйын мінезім бар ашулы
Қапелімде басылам ба, болам ба?!


Сол күйіммен өміріңе еніп ем
Тыныштығың бұзылды бір менімен
Күшті еді ғой мендегі зор махаббат
Қуат алдың өзің соның лебінен


Сүйе алмадың кей ашуды кешіре
Қоштас күліп, қамығасың несіне
Бұрқ-сарқ еткен ақ боранды күн болса
Алғайсың тек сонда мені есіңе

Шәмші Қалдаяқов
Шәмші Қалдаяқов, Шамши Калдаяков, Жүрек сыры, Журек сыры сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

28.10.2015