Жүрегің махаббаттың қамалындай.
Тамдының тамылжыған әнші аруы,
Лебізің таңның уыз самалындай, еркем-ай.
Қайырмасы:
Ебелектей жел аңсаған,
Көбелектей гүл аңсаған
Келем саған.
Сені ойлап құлазыған құла құмдай,
Заулайды қиял қырдың құланындай.
Бұрымың, Мыңбұлақта туған ару,
Сол жердің мың бірінші бұлағындай.
Қайырмасы.
Ілінген ғашықтықтың құрығына,
Әнімді құрбан еттім ырымына.
Мен қашан сүңгір екем мың бірінші,
Бұлақтай тарқатылған бұрымыңа.
Қайырмасы.
Сөзі Қадыр Мырзалиевтікі Шәмші Қалдаяқов, Шамши Калдаяков, Тамды аруы, Тамды аруы сөзі, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store
Еділ Нурсейтов
Шəмшінің əндері не ушін жоқ