Қыз сағынышы сөзі

Шәмші Қалдаяқов

Қыз сағынышы

1
0

Бөлісу:


Шыға келсең алдымнан күліп тағы,
Атпас па еді жадырап үміт таңы.
Тамылжыған сыры мол айлы түнді
Сүйген жүрек қалайша ұмытады,
Сүйген жар.
 
Қайырмасы: 
Сыбырлайды жасыл бақ,
Жоқсың бірақ, қасымда,
Сағындым жайдары күлкіңді,
Сағындым, сүйген жар, сол түнді.
 
Алыстасың, аяулы аңсағаным,
Сағыныштан жабырқап ән саламын.
Көңілімнің күні боп келсең, сәулем,
Көктемнің гүлі боп қарсы аламын,
Сүйген жар.
 
Қайырмасы.
 
Сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі
Шәмші Қалдаяқов, Шамши Калдаяков, Қыз сағынышы, Кыз сагынышы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

29.10.2015