Дүнген қызы сөзі

Шәмші Қалдаяқов

Дүнген қызы

1
0

Бөлісу:


Түндей тұнық көздеріңнің қарасы,
Қосылардай қастарыңның арасы.
Жалт қарасам, жалын атқан ақ жүзің
Алаулайды атқан таңмен таласып.
 
Қайырмасы:
Қиял қанша ертеді елес,
Дүнген қызы, арманым.
Кез боп келсем ертелі-кеш,
Сенен көзді алмадым.
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім,
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін.
 
Кімге болсын сүйкімді бір баласың,
Көңілімді баурап алып барасың.
Гүлге орайсың, күнге орайсың жылда сен
Елге жаннат ерке Талас даласын.
 
Қайырмасы.
 
Сені ойлаумен артта суық қыс қалды,
Сені ойлаумен жазғы ұзақ күн қысқарды.
Бақыт жайлы әнді бірге шырқайсың
Қонақтатып қойып бауға құстарды.
 
Қайырмасы.
 
Сөзі Сабырхан Асановтікі
 
Шәмші Қалдаяқов, Шамши Калдаяков, Дүнген қызы, Дунген кызы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

29.10.2015