Әнім сен едің сөзі

Шәмші Қалдаяқов

Әнім сен едің

3
0

Бөлісу:


Құрбым, жан құрбым, бала кезімнен
Бақыт көріп ем қара көзіңнен.
Кеттің ұмытып, мәңгі ұмыттың,
Жібін үздің ғой нәзік үміттің.
 
Тұрып қасыңда көрдім көктемді,
Сонау күндерден бүгін жоқ белгі.
Шамын басқа үйдің жақтың, аяулым,
Сендей бақытты қайдан табамын.
 
Әнім сен едің кешке салатын,
Содан жас жаным бақыт табатын.
Тағы келді ғой құстар ән салып,
Тұрмын оларды жалғыз қарсы алып.
 
Бақтар гүлдеді біздің қырдағы,
Жаңбыр жауды да, көктем жырлады.
Сенсіз атты таң, сенсіз батты күн,
Мәңгі ұмыттың мені, шаттығым.
 
Сөзі  Т. Молдағалиевтікі
Шәмші Қалдаяқов, Шамши Калдаяков, Әнім сен едің, Аним сен един сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

29.10.2015