Қыз ұзату

Роза Әлқожа

2018

22
3

Бөлісу:





Загрузка...



Осылай жетелейді жыраққа арман
Құрбылар артта қалар сыр ақтарған
Туған үй, атаң қалды, анаң қалды
Артыңа қарайлама бірақ қарғам

Қайырмасы:
Көрсетіп жап-жарық жасаған жол,
Жақсылық әкелсін босағаң мол.
Жүрерсің анаңның ізіменен,
Жат жұрттық жарығым қош аман бол.

Несіне алаңдаумен егілемін
Бір емес екеу болды-ай сенің елің
Келіннің алды болғын айналайын
Еліңнің еркелеткен елігі едің

Қайырмасы:
Көрсетіп жап жарық жасаған жол
Жақсылық әкелсін босағаң мол
Жүрерсің анаңның ізіменен
Жат жұрттық жарығым қош аман бол


Роза Әлқожа Қыз ұзату сөзі, Роза Алкожа Кыз узату текст песни, Роза Әлқожа 2018


Загрузка...





Мейрхат

Сөзін түзеткен

01.08.2018
Қолданушылар