Сезім сыры сөзі

Нұрсұлтан Жұмағұлов

2018

1
2

Бөлісу:



Көктемгі гүлімдей жайнаған сен,
Көктегі күнімдей жарқырап ең.
Көріп қуанышқа толды жаным,
Бір өзіңдей сұлу таба алмас ем.

Қ-сы
Сен, сен сұлуымсың іздеген,
Сен, сен ғашығымсың көптен күткен.
Арулар көп болса бұл әлемде,
Сенсің ең сұлуым менің еркем

Жабырқау жаныма сезім сыйлап,
Күлімдеп қарайсың үміт байлап.
Жұмбаққа толы бұл қылығыңды,
Еркімнен айрылдым үнемі ойлап.

Қ-сы
Сен, сен сұлуымсың іздеген,
Сен, сен ғашығымсың көптен күткен.
Арулар көп болса бұл әлемде,
Сенсің ең сұлуым менің еркем

Төлеген, Мәжнүннің күйін кешем,
Ақтарған сырымды түсінбесең.
Ғашық боп бірге өтсек деп тілеймін,
Жанымның жалынын сездің бе сен?

Қ-сы
Сен, сен сұлуымсың іздеген,
Сен, сен ғашығымсың көптен күткен.
Арулар көп болса бұл әлемде,
Сенсің ең сұлуым менің еркем

Әні: Б.Урахаев
Сөзі: Б.Әлімбай
Нұрсұлтан Жұмағұлов, Нурсултан Жумагулов, Сезім сыры, Сезим сыры mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

09.04.2018