Бала әйел бақыты сөзі

Меруерт Мусрали

Бала әйел бақыты

2
0

Бөлісу:


Таусылды ғой жасым балаға
Сәби сүйген қарап анаға
Өз қолымнан келсе не арман
Одан асқан бақыт бола ма
Тербеп бесік талсын бiлегiм
Осы менің тілер тілегим
Жар бола көр Жаратқан Ием
Сәби сүйгіз тапшы мұң емін

Қайырмасы:
Төрт құбылам түгел тең еді
Менің бағым кімнен кем еді
Ана бақытына бөленіп
Мен де ана болғым келеді

Періште кеп(келіп) бақыт қонсыншы
Берекеге ортам толсыншы
Жалғыздықтан сақта Құдайым!
Сәби сыйла балам болсыншы

Қайырмасы:
Төрт құбылам түгел тең еді
Менің бағым кімнен кем еді
Ана бақытына бөленіп
Мен де ана болғым келеді
Меруерт Мусрали, Меруерт Мусрали, Бала әйел бақыты, Бала айел бакыты сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.10.2015