Балама тілек сөзі

Медеу Арынбаев

Балама тілек

3
0

Бөлісу:


Тәй-тәй басқан бөпешім, шуағым
Жанымдағы желбіреген қорабы
Кесілді ғой тұсауың дәстүрмен
Шапқылашы сүрінбей шырағым
 
Батыр болар ма екенсің
Алып тұлғалы,
Ақын болар ма екенсің
Жазар жыр-әнді,
Әкім болар ме екенсің
Елін сыйлайтын.
Аман болшы, балапаным
 
Тұнғышымсың сен менің бастауым
Уақыт деген өтеді қас-қағым
Алла жар боп шыңдарға шарықтап
Аса берші өмірдің асқарын
 
Батыр болар ма екенсің
Алып тұлғалы,
Ақын болар ма екенсің
Жазар жыр әнді
Әкім болар ма екенсің
Елін сыйлайтын.
Аман болшы, балапаным
 
Әке жолын үзбейтін жол болшы
Жалғастырар ұрпақты сен болшы
Маңдайыңнан айналдым күнім менің
Сегіз қырлы бір сырлы ер болшы
 
Батыр болар ма екенсің
Алып тұлғалы,
Ақын болар ма екенсің
Жазар жыр әнді,
Әкім болар ме екенсің
Елін сыйлайтын.
Аман болшы, балапаным 

Медеу Арынбаев, Медеу Арынбаев, Балама тілек, Балама тилек сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

19.10.2015
Бейнеклип
Медеу Арынбаев
Балама тілек