Аппақ жүрегің

Қуандық Рахым

Аппақ жүрегің

14
0

Бөлісу:








Еркелесең мейлі, еліктірдің-ау,
Шын сүйудің сырын сен ұқтырдың-ау,
Еркімді өзіңе беріп, тыңдым-ау.
Өз теңімді таппай жердің өңінде,
Ғашық болмай жалғыз сенделемін бе?
Өмірге сен жаным келмегеніңде.

Қайырмасы:
Көздерің қап-қара сенің,
Аппақ жүрегің, аппақ жүрегің.
Төлеген болдым мен тапқан Жібегін
Ақ бозат иесіз қалып,
Жоғалмайды енді, жоғалмайды енді,
Біздерді Бекежан бөле алмайды енді.

Аймен үндей болып бақыт көрейік,
Жарық жұлдыздардан жапы терейік,
Бұл үшін уақытқа уақыт берейік.
Көп күтуге сендік, шыдам жарай ма?
Қабағыңның қары қылауламай ма?
Мен сені бақытты қылам қалайда.

Қайырмасы:
Көздерің қап-қара сенің,
Аппақ жүрегің, аппақ жүрегің.
Төлеген болдым мен тапқан Жібегін
Ақ бозат иесіз қалып,
Жоғалмайды енді, жоғалмайды енді,
Біздерді Бекежан бөле алмайды енді.
Қуандық Рахым Аппақ жүрегің сөзі, Куандык Рахым Аппак журегин текст песни, Қуандық Рахым 2016


Загрузка...





Пікірлер

Anonymous

08 Қантар 2017

Керемет əн

Maksat Kurbanai

27 Қантар 2017

яхобан

Admin

Сөзін түзеткен

26.10.2016
Қолданушылар