Қазағым жаса мәңгілік

Қазыбек Әдікей

2016

0
0

Бөлісу:





Загрузка...



Ұлы елмін жалғасымын Ғұн сактардың
Хан көтерген ұлығын
Бабамның байтак мұрасы
Тереңде жатыр тұнығы
Асан кайғы желдеткен
Желмаясын көлігін
Сыпыраң мен Қазтуған
Доспанбеттің жырымын
Ұштаскан ғылым ілімімің
Даламдай дархан білімің
Намысын колдан бермеген
Мен қазақтың ұлымын
Мен қазақпын ұлы елмін
Əз Жəнібектің туымын
Керейхан менің тұғырым
Еңселі байрақ көтеріп
Арнаған елге ғұмырын
Төбе биім Төле би
Айтеке Қазыбек төре би
Ұлы Абайдан нəр алған
Əнді сүйсең менше сүй
Қазақпын мен тұранмын
Алаш рухты ұранмын
Отырар деп шайхасқан
Қайырхандай қыранмын
Мен қазақпын.
Қайырмасы.
Қазағым жаса мəңгілік
Ерліктің отын жандырып
Бабамнан қалған байтағым
Шырқайын сені əн қылып.

Ұлы елмін Абылаймын тақтамын
Жерімді байтақ сақтадың
Қабанбай мен Бөгенбай
Бердіқожа мақтадың
Есек пенен Бөкен бай
Наурызбайым апталым
Кенесарым кимеген
Отаршыл салған ноқтаны
Бұқар жыраудың үнімен
Қазақтың жоғын жоқтадың
Махамбетпін нар қасқа
Садаққа ұшты оқтадың
Мен қазақпын.
Сүйінбаймын сүлеймін
Киелі өнер дарыған
Бауыржандай батырын
Бүкіл дүние таныған
Мұқағалиім ақиық
Сезімнің жолы дарыған
Əлфарабимын ілімнің
Тарихы болып жыр тұнған
Мұстафамен жақынмын
Түркіні түгел қолдаған
Жұмабектей асылмын
Елімнің шебін қорғаған
Мен қазақпын
.Қайырмасы.
Қазағым жаса мəңгілік
Ерліктің отын жандырып
Бабамнан қалған байтағым
Шырқайын сені əн қылып.

Ұлы елмін Нұрғиса мен Шəмшінің
Тербесе сазды сарыны
Қайратымның жігерін
Желтоқсан келіп жаныды
Ерлік туын көтеріп
Жалын атқан Бекзатпын
Бағындырған ғарышты
Тоқтар Айдын Талғатпын
Есім ханым Əз Тəуке
Өсиет еткен мəңгі қылып
Ұлы далада өркендеп
Қазағым жаса мəңгілік.
Қайырмасы.
Қазағым жаса мəңгілік
Ерліктің отын жандырып
Бабамнан қалған байтағым
Шырқайын сені əн қылып.


Қазыбек Әдікей Қазағым жаса мәңгілік сөзі, Казыбек Адикей Казагым жаса мангилик текст песни, Қазыбек Әдікей 2016


Загрузка...





Айгул

Сөзін түзеткен

13.12.2018
Қолданушылар