Сен жетіспей тұрасың сөзі

Ғазизхан Шекербеков

2018

104
1

Бөлісу:



Баянсың ба? Жібексің бе? Еңліксің бе? Кімсің?
Әміріңді жүрекке жүргізе алмай жүрсің.
Менде үлкен арман бар,
Білмейтіндер білсін.
Сол арманға жетуге сен жетіспей тұрсың,
Сен жетіспей тұрсың
Сен жетіспей тұрсың

Сен жетіспей тұрасың, жалғыз өзім қалсам,
Сен жетіспей тұрасың, бір ортаға барсам.
Нең кетеді сыйлаған жүрегімді алсаң,
Бір жетісіп қаламын ау, сен жанымда болсаң.
Бір жетісіп қаламын, сен жанымда болсаң

Ақылдым ау өзіңе, жетеді сенің ақылың
Жеткізуге сезімді, менің де жетер батылым
Құрметтім ау өзіммен, кетем бе көрмей еш құрмет?!
Мынау бір кем дүниеде жетісіп жүрген ешкім, ешкім жоқ

Сен жетіспей тұрасың күндіз-түні маған
Құстай ұшып жетуге жетпей жүр ме шамаң?!
Көз жетпейтін көркің бар, сөз де жетпес оған,
Қолдан келсе бір күні қол жеткізем саған.
Қол жеткізем саған
Қол жеткізем саған

Сен жетіспей тұрасың, жалғыз өзім қалсам,
Сен жетіспей тұрасың, бір ортаға барсам.
Нең кетеді сыйлаған жүрегімді алсаң
Бір жетісіп қаламын ау, сен жанымда болсаң
Бір жетісіп қаламын, сен жанымда болсаң

Ақылдым ау өзіңе, жетеді сенің ақылың
Жеткізуге сезімді, менің де жетер батылым
Құрметтім ау өзіммен, кетем бе көрмей еш құрмет?!
Мынау бір кем дүниеде жетісіп жүрген ешкім, ешкім жоқ

ғазизхан, шекербеков, газизхан, gazizhan, gazizkhan, shekerbekov, Сен жетіспей тұрасың, Сен жетиспей турасын mp3 жүктеу, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Asel Katarkulieva

02 Шілде 2018

Женісбек Сүйікті

28 Тамыз 2018

тема

Жандос Бақытжан

Сөзін түзеткен

03.06.2018
Қолданушылар