Атамекен сөзі

Айқын ft. Дастан

Атамекен

0
0

Бөлісу:


Кең ДАЛАМ!
Толған айым, толғайын,
ДОМБЫРАМ!
Қолға алайын, жырлайын,
Қазағымның даласындай!
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!
ТЕҢІЗДЕЙ!
Тебірендім, тербедің,
САПАРДА!
Сағынышым сен менің,
Дүние-ай сырларындай,
Мөлдіреп тұнғанындай,
Сағындым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!

Армандаған күндер-ай!
Жұлдыз аққан түндер-ай!
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті,
Кімдер-ай!


АТАМЕКЕН-АЙ!

ҒАЖАП-АУ!
АТАМЕКЕН ғаламат,
БІР САҒАН!
Тағдырымыз аманат,
Қымбатты – даламыздай,
Сымбатты – анамыздай,
Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!
Жүрегім жанымыздай,
Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!

Армандаған күндер-ай!
Жұлдыз аққан түндер-ай!
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті,
Кімдер-ай!

АТАМЕКЕН-АЙ!
Айқын ft. Дастан, Айкын ft. Дастан, Атамекен, Атамекен сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

30.12.2015
Бейнеклип
Айқын ft. Дастан
Атамекен