Димаш Құдайберген

Альтернатива

Поп

Димаш Құдайбергенов "Қытайдағы Грэмми" жеңіп алды



Кеше, 27 наурызда 2017 Қазақстанның сүйікті әншісі Димаш Құдайбергенов "Top Chinese Music Awards" номинацияның жеңімпазы атанды. Еске түсіріп кетейік, бұл конкурс дүние жүзіне әйгілі "Грэмми" номинациясының Қытайдағы аналогы.
Әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримовтың айтуы бойынша, біздің әнші "Азиядағы ең атақты әнші" номинациясын жеңіп алды.
Марапаттау церемониясы кезінде Димаш SOS d'un terrien en détresse әнін орындады.

"Мен қазір өте қуаныштымын. Бұл менің шетелдегі ең үлкен алғашқы жеңісім. Мені әрдайым қолдап отырған ата-аналарыма және жақын досыма рақметімді айтамын.
Сонымен қатар менің ашылуыма себепкер болған "I am Singer" жобасына үлкен алғысымды білдіремін" - деді Димаш.

Бейнебаянды мына жерден көруге болады:









27 наурыз 2017, 19:54



Димаш Құдайбергенов әндері
Димаш Құдайбергенов өмірбаяны