Жетем саған lyrics

Жігер Ауыпбаев

2020

0
0

Share:


Сөзі: Нұртас ТҰРҒАНБЕК
Әні: Кенжебай ОМАРОВ

Пролог

Үркер боп сен ауып кетсең де,
Өмірзая боп ағып кетсең де,
Жетем саған!
Сүмбіледей қатар себілсең де,
Шолпандай таңда көрінсең де,
Жетем саған!

Қараңғы түссе ай көкте,
Бейнеңді салар әйнекке.
Сезім сәуле маған жеткізбейді,мен
Жетем, жетем, жетем, жетем, десем...

[Қайырмасы]

Жалт-жұлт еткен жұлдыздар да аспандағы,
Жүрегіңнің баспалдағы екен.
Жетем саған құс жолымен,
Қашсаңдағы,
Жетем саған,жетем саған,
Басты арманым.

Жасырсын сені күн мейлі,
Махаббат "жоқ"-ты білмейді.
Өзіңді көңілім көкте іздейді,тек
Жетем, жетем, жетем десем, жетем!

Жетемін саған құс болып,
Жетемін саған түс болып,
Жетемін сағыныш болып,
Жетем,жетем,жетем.........
Жігер Ауыпбаев, Жетем саған lyrics, 2020
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

26.07.2020
Music Videos
Жігер Ауыпбаев
Жетем саған