Кездеспе lyrics

Жігер Ауыпбаев

Кездеспе

2
0

Share:



Көктем еді күндерім, күз келерін білмедім,
Елес болды өзіңменен, қуанышым күлгенім.
Күрсінеді гүл кеуде, жиналады жанарға мұң,
Өзіңді ойлап түндерде өртенеді жан орманым.
Бір саған арманым асығады, бір саған арнаулы болғасын,
Айтылмай жүректің ғашық әні сезім қалай самғасын.
 
Қайырмасы:
Кездеспе сен маған, кездесер жолдар болса да,
Жалынға ораған күндерді жаным аңсама.
Кездеспе алдымнан, махаббат тағы да алдайды,
Екеуміз аңсаған оралмайды бақыт, оралмайды.
Өтсе де күндер, өтсе де айлар, өтсе де жылдар
Кездеспе...
 
Бір өзіңдей жан қайда, үмітті мұң жалғай ма,
Жалғанғанмен сол үміт түйін болып қалмай ма.
Талы қалған маңдайда тағдыр жолы болар қайғы,
Дәмі қалған таңдайда тәтті күндер оралмайды.
Бір саған арманым асығады,бір саған арнаулы болғасын,
Айтылмай жүректің ғашық әні сезім қалай самғасын.
 
Қайырмасы:
Кездеспе сен маған, кездесер жолдар болса да,
Жалынға ораған күндерді жаным аңсама.
Кездеспе алдымнан, махаббат тағы да алдайды,
Екеуміз аңсаған оралмайды бақыт, оралмайды.
Өтсе де күндер, өтсе де айлар, өтсе де жылдар
Кездеспе... 
Жігер Ауыпбаев, Кездеспе lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

20.10.2015