Кешір мені lyrics

Жігер Ауыпбаев

Кешір мені

1
1

Share:



Куннен әсем, түннен әсем
Көрікті ару тек бір ғана сен
Сүйме десе сұлулықты
Жүрегімді де тыңдамас ем
 
Кешір мені, кешір мені
Ғашықпын саған гүл қыз
Алматының кешіндегі
Жарқыраған жалғыз жұлдыз
 
Ақ маңдайлым, ай қабақтым
Сөнген сезімді қайта жақтың
Кеудемдегі жүрегімді
Сені сүйгенше байқамаппын
 
Кешір мені, кешір мені
Ғашықпын саған гүл қыз
Алматының кешіндегі
Жарқыраған жалғыз жұлдыз [x2]
 
Аяулымсың, аяладым
Сезімге нұрлы боянамын
Тәтті ұйқыдан таңға жақын
Тәтті арманыммен оянамын
 
Кешір мені, кешір мені
Ғашықпын саған гүл қыз
Алматының кешіндегі
Жарқыраған жалғыз жұлдыз
Кешір мені… [x2]
Жігер Ауыпбаев, Кешір мені lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

19.10.2015