Жасай бер, Ана!

Жеңіс Сейдуллаұлы

2019

0
0

Share:








Айналайын аяулы асыл ана
Ақшағала күмістей шашың ана
Самғап ұшып кетсеңде қияңдарға
Саған деген сағыныш басылама
Сен болмасаң аяулы асыл ана
Шуағың боп күн нұры шашылама
Ақ сүтіңмен аялап нәр бермесең
Күй сандығым күмбірлеп ашылама

Қайырмасы
Ана аяулы жаным ана
арайлы таңым ана
Жасай бер мәңгі
Ана көңілдің гүлісің сен
Өмірлік ырысым ана
Тіршілік тынысым ана
арандым өзіңе ғана
Осынау әнді....

Асыл анам жанымда жүре берші
Жас күніңдей жайраңдап күле берші
Аппақ қардай кіршіксіз көңіліңнен
Жүрегіме жылу болып кіре берші
Балаң болып ер жетіп марқайсамда
Жасай берші жан ана қартайсаңда
Мәңгі көктем өзегісің
Мейірімің көп дархан дала

Қайырмасы
Ана аяулы жаным ана
арайлы таңым ана
Жасай бер мәңгі
Ана көңілдің гүлісің сен
Өмірлік ырысым ана
Тіршілік тынысым ана
арандым өзіңе ғана
Осынау әнді....
Жеңіс Сейдуллаұлы Жасай бер, Ана! lyrics, Жеңіс Сейдуллаұлы 2019


Загрузка...





Айгул

Corrected text

04.02.2019
Users