Ұлы той

Жанна Болат

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Ұлы дала елінде ұлан ғайыр жерінде
той басталды дүбірлі-ей
Алты алаштың төрінде гүл жайнаған өмірде
Күй шалқытып көңілге
Жиналыпсың ағайын соны жиналып бүгін көруге
Қырандап көгінде ит жүгіртіп елінде
Әуеліне тамсанып аққу жүзген көлінде
Құлын тулап желінде
Шай құйдырып келінге
Қазақ малын жинайды
Тойға ғана беруге

Қайырмасы
Атқан таңың арайлы
Жақсылыққа санайды
Қуаныштың барлығын қазақ тойға балайды
Ұлы батыр жаранған
Қызы тоты таранған
Алдыңда бар сан арман қазақ тойға жаралаған

Күн шығарып алтайдан
Оңтүстікке шалқайған
Белін шешіп батыстан
Атырауда жантайған
Досы келсе шалқайдан
Сары қымыздан бал қойған
Жаршысы боп даланың
Сарыарқада ей самғайды ән,

Қайырмасы
Атқан таңың арайлы
Жақсылыққа санайды
Қуаныштың барлығын қазақ тойға балайды
Ұлы батыр жаранған
Қызы тоты таранған
Алдыңда бар сан арман қазақ тойға жаралаған


Жанна Болат Ұлы той lyrics, Жанна Болат 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

01.11.2018
Users