Фариза lyrics

Жангелді Бағдат

Фариза

1
0

Share:


Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Біріміз бірімізден арылармыз.
Ақыры шыдай-шыдай жалығармыз,
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
 
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жан екем жаралмаған  күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресіңге.
Фаризажан, сен соны білесің бе?
 
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып аян басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын
 
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Фаризажан, Фариза, Фариза-қыз...
  
Жангелді Бағдат, Фариза lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015