Перизатым lyrics

Жанабай Өтегенов

Перизатым

0
0

Share:


Алдаусыз сезім ақ жүрегіммен
Арманына адал тағдыр едім мен
Бағыты жұмбақ бағасы қымбат
Бақыт іздеген жанмын өмірден 
Көрдім де сені өртендім өзім
Еркімді билеп еркем бір өзің
Көркіңе шіркін жарасқан қандай
Көз айым күнім көркем мінезің
 
Қайырмасы:
Жап-жарық нұрдан жаралдың ба сен?!
Мөп-мөлдір мұңдай жанардың жасы-ең.
Ғайыптан келген Перизатым-ау,
Ғажайып сыйы ғаламның әсем...
 
 
Назданып әркез нұрға малынып
Ынтызар еттің ырғала күліп
Мен сені жақсы көріп қалдым ғой 
Мез еткен ауыр мұңнан арылып 
 
Қайырмасы:
Жап-жарық нұрдан жаралдың ба сен?!
Мөп-мөлдір мұңдай жанардың жасы-ең.
Ғайыптан келген Перизатым-ау,
Ғажайып сыйы ғаламның әсем...
 
Көріктім менің көзі нұр жақұт
Сыр айтсаң сендік сезім үн қатып
Көз ілмей мәңгі өзіңдей жанды
Сағынудың да өзі бір бақыт
Жанабай Өтегенов, Перизатым lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Corrected text

13.01.2016
Users

GM

Music Videos
Жанабай Өтегенов
Перизатым