Кездесерміз біз әлі lyrics

Жанабай Өтегенов

Кездесерміз біз әлі

2
0

Share:


Түнгі аспанда жүрегіміз сырласқан
Құпиясын сыр сандығын кімге ашқан
Арманына жете алмаған көңілім
Сені ойлаудан басқа сауық-ей құрмастан
 
Қайырмасы:
Қалшы бір сәт кезігіп сағынғаның сезіліп
Әуеніңе салшы қалқам кетейінші-ей езіліп
Қалшы бір сәт кезігіп сағынғаның сезіліп
Әуеніңе салшы қалқам кетейінші-ей езіліп
 
Біз қыдырған анау қырат, анау бақ
Енді қайтып мойын бұрмас манаурап
Мен ауылдан кетем деген кезімде
Жанарыңда қалды бір мұң-ой алаулап
 
Қайырмасы:
Көкірегімнің көзі күн меңзеп барады мезі мұң
Тым болмаса түсінсенші кетсін еріп-ой сезімім
Көкірегімнің көзі күн меңзеп барады мезі мұң
Тым болмаса түсінсенші кетсін еріп-ой сезімім
 
Тек өзіңсің жүрегімнің нұрлы әні
Көңілімнің сенімен құт гүл бағы
Саған қарай сәлем жолдап жатқанда-ай
Кешке салған әуенімнің-ей ырғағы
 
Қайырмасы:
Кездесерміз біз әлі сағынып күн ұзарды
Саған ғана жазылғандай жүрегімнің ей жүз әні
Кездесерміз біз әлі сағынып күн ұзарды
Саған ғана жазылғандай жүрегімнің ей жүз әні
 
Қалшы бір сәт кезігіп сағынғаның сезіліп
Әуеніңе салшы қалқам кетейінші ей езіліп 
Қалшы бір сәт кезігіп сағынғаның сезіліп
Әуеніңе салшы қалқам кетейінші ей езіліп 
 
Жанабай Өтегенов, Кездесерміз біз әлі lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

19.10.2015