Жез киік lyrics

Жақсыгелді Сейілов

Жез киік

1
0

Share:


Жез қанат, күміс бауыр киік көрдім
Дәруі сол ма дерсің күйік-шердің
Жез марал жүреді екен арасында
Қаптаған Бетпақтағы киіктердің


Жез киік, біздің жаққа қалай келдін?
Жолымды тіке кесіп, жанай бердің
Адамның көздеріндей екі көзің
Япырмай, дәтім шыдап қалай көрдім?


Дәл саған құрмап еді торды ешкім
Ғайыптан душар болдың, сорды кештің
Мен-дағы сертшіл адам далады өскен
Сен-дағы жалтармадың, жолды кестің


Асықпа, көрейінші жөндеп қана
Кетпесін жаңа тиген мендеп жара
Ет кесіп өз етімнен берсем -дағы
Жөніңе жіберейін емдеп қана


Дедім де қоя бердім, ұстамадым
Қасымда қал демедім, қыстамадым
Тілеймін суық жақтан есен қайтып
Жылықұм мекеніне қыстағанын


Түс тербеп, жаздың мөлдір қысқа таңы
Тұзақтап жез киікті ұстатамын
Баяғы қызыл ішік киген қызға
Жез камзол сол киікті ұқсатамын


Құмарым қайта көріп қанар ма екен?
Әл бітіп, салқын жүрек жанар ма екен?
Болмаса, суық қолды бір сұр мерген
Дәл көздеп әлде атып алар ма екен?


Сұлуды адам жаны қимайды екен
Беймезгіл еске түсіп қинайды екен
Жез киік, сені аңсаған кездерімде
Бір өзім кең далаға сымай кетем

Жақсыгелді Сейілов
Жақсыгелді Сейілов, Жез киік lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015