Ата-ана қадiрi

Жакен Омаров

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Ал атаның қадірін айтайын
Ананың қадірін айтайын балаға деген ықыласын санаға салып байқайын
Туғаныңда қуанған дүние малын буланған
Аман болса балам деп алладан медет сұранған
Жəрдемің ай жараған қабағыңа қараған жолаушы болып кеткенде сағынып келген даладан
Мін асып атқа міндірген жарасар киім кидірген
Қарны ашар деп кауап боп қасыңа ас үйдірген
Иығына міндірген жерге қоярға етегіне сидірген
Алпыс екі тамырын əуеден құдай идірген
Мектепке беріп жасыңда танытып құбыла бүлдірген жыласаң көңіл жүдеген қуансаң тасып үдеген
Көңіліңе күн түсіп алладан тілеген
Əкеңдей құбыла қамқорың табылмас мына дүниеден
Ай мейірбаның жан əке əкемде өлмес болсайшы
Қасірет болып көңілге қапада келмес болсайшы ай
Əкенің қадірін ұл мен қыз болған кезде білсейші ай

Ай тоғыз ай он күн көтерген мехеннат тартқан түтіннен зиярат қылып сыйынсаң кем емес құбылаң мекеннен
Қадірін оның білмесін қызметінде жүрмесең арамы залым болғаның ұрғаны құдайдың жетеңнен
Жақсылық қылған піріңе жамандық қылса тіріге жазаңды алла тартқызар орын жоқ жəннəт мекеннен
Ай аущыңа ақ сүт емізген шайнап тамақ жегізген
Осы бір жарық дүнияға себепкер болып келгізген
Құйрықтан шайнап май берген
Құндақтап жерден жай берген
Оның қылған қызметін күн менен жұлдыз ай көрген
Анаңдай ғазиз мейрбан табылар саған қай жерден
Даусың шыққанда шықпаған қасыңнан жүйрік жаны ашыған
Қараңғыда жыласаң таныған жылаған даусыңнан
Ұйқыңды қандырған мейірбан бар ма осыдан
Алла пайғамбардан соң күллі жақын досыңнан
Қияметке кеткенше өткенші өмір өткенше көбелектей айналып шаруана болған басыңнан
Ақ етегін сарылтқан ерніне емші дарытқан беліңнен батып былғансаң жиіркенбей жуып арылтқан қарныңа қорек барылтқан
Мұздайда бесік таянған жылағаныңнан шошып оянған анаңдай қор бармекен жаныңа жақын саяңнан
Оның қызмет ісінен не болар жанынан аянған
Аязды күні айналып бұлтты күні бұрылған
Ыстық пенен суыққа перзенті үшін ұрынған дүниеде құдай жаратқан мехрбан қылып бұрыннан
Тар құрсағын кеңіткен тас шегін жібіткен
Ыңылдап жатып ауырсаң жарым жасын кеміткен
Айналайын дегені жан жүрегіңді еріткен
Əр перзентті құдайым жетімдер қылмай болсайшы
Ананың қадірін ұл мен қыз тіріде кезде білсейші ай

Жакен Омаров Ата-ана қадiрi lyrics, Жакен Омаров 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

15.11.2018
Users