Жиырма бес lyrics

Үкілі Ыбырай

0
0

Share:


Қызды ауылдың сыртынан,
Қылаң еткен жиырма бес.
Қызды көрсем қиқайып,
Құлай кеткен жиырма бес.
Суға келген жеңгейге,
Ұнай қалған жиырма бес.
Жеңге халің қалай деп,
Сұрай қалған жиырма бес.
Бесіктегі баладан,
Алғыс алған жиырма бес.
Төрде жатқан кемпірден,
Қарғыс алған жиырма бес…
Үкілі Ыбырай, Жиырма бес lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

19.01.2017