Гәкку lyrics

Үкілі Ыбырай

0
0

Share:


Қарақат көзді, сым саусақ,
Ләбізің сенің бал қаймақ.
Жолыңа сенің сарп етпей,
Неге де керек малды айдап.
Қарақат көзді, ақ білек,
Айтайын бір сөз үлгілеп,
Қайғың алды денемді,
Жүректің басын тілгілеп.
Етің аппақ қояндай,
Қызығыңа тоям ба-ай,
Алыстан аңсап келгенде,
Не қыл деп жатсың оянбай
Үкілі Ыбырай, Гәкку lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

19.01.2017