Share:





Загрузка...



Сен болмасаң бұл жалған
Күнде уайым, күнде арман
Айналайын, гүлiм бол
Жүрегiмдi бiр жарған

Сен болмасаң серiгiм
Аялайды менi кiм
Ертелi кеш сен жаққа
Елеңдейдi көңiлiм

Сен болмасаң тiрегiм
Кiмге жылап күлемiн
Жүрегiмде тiлегiм
Алақанда жүрегiм

Сенсiз мынау жалғанда
Өтер ме едiм арманда
Елжiрейсiң, балқисың
Мен әнiме салғанда

Сен арқылы жарығым
Бақытымды таныдым
Екеумiзге бiр ғұмыр
Бере көршi Таңiрiм

Сен болмасаң тiрегiм
Кiмге жылап күлемiн
Жүрегiмде тiлегiм
Алақанда жүрегiм

Сен болмасаң аяулым
Кiмге құшақ жаярмын
Сағынышты сазыңмен
Жүрегiмнен жай алдың

Сен болмасаң жанымда
Жайқалмайды бағым да
Менiң ғазиз тағдырым
Сенiң ғана қолыңда
Төреғали Төреәлі & Мөлдір Әуелбекова Сен болмасаң lyrics, Төреғали Төреәлі 2017


Загрузка...





Comments

Марал Кушетова

28 2017

керемет

Rishat Rafhatov

26 2018

Хадиша Нурходжаева

09 2018

Жақсы

Admin

Corrected text

13.01.2018
Music Videos
Төреғали Төреәлі
Сен болмасаң