Беу-беу lyrics

Төреғали Төреәлі

2018

20
4

Share:



Арасынан өмір деген кәрі керуеннің
Жұп таба алмай әбігерлендім
Сендей қызды бұрын-бұрындары көргенмін
Онда бұрын сені көргенмін

Қайырмасы:
Беу, беу, беу
Артық емес жұмақтан келген деу
Жарты өмірге жеткілікті қуаныш
Сеніменен жарты сағат серуендеу
Пай, пай, пай
Құмыра бел, күсім саусақ, ай маңдай
Ықыласың басқада ғой әйтпесе
Тағдырымды қосар едім ойланбай.

Жаныңа кеп жайғасқанда жуаспын қандай
Жуастық жоқ күн астында ондай
Құдай сені әлемдегі барлық гүлдердің
Қауызынан құрастырғандай

Қайырмасы:
Беу, беу, беу
Артық емес жұмақтан келген деу
Жарты өмірге жеткілікті қуаныш
Сеніменен жарты сағат серуендеу
Пай, пай, пай
Құмыра бел, күсім саусақ, ай маңдай
Ықыласың басқада ғой әйтпесе
Тағдырымды қосар едім ойланбай.
төреғали, төреәлі, төралі, торегали, тореали, toregali, toreali, Беу-беу lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

25.04.2018