Ұстазға арнау lyrics

Таңжар Әйгерім

0
0

Share:


Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебі
11Б сынып оқушысы: Таңжар Әйгерім

Тәрбиелеп әрбір шәкірт санасын
Көңілдерін бірден жаулап аласың
Анамдайсың көңілімді қимайтын
Біліп тұрсаң тасқын судай сыймайсың
«Білсін»-дейсің, «көрсін» -дейсің әлемді
Өзгелердің қамын ойлап жүр енді
Тар қапаста тексеретін дәптердің
Ақысын жұрт қалай өтеп береді
Қызық емес мұның бәрі өзіңе
Отырасың бір кітапқа тесіле
Қарамайсың жан-жағыңа, әлемге
Шәкірттерім білмей қалар дейсің бе?
Сусындатып әрбір білім санасын
Жүректерді бірден жаулап аласың
Ренжімейсің шәкіртіңе «балам»-деп
Осы жанды қалай адам қылам деп
Күн түн демей үңілесің білемін
Мардымайтын жалақыға жүр едің
Ойламайсың ол жағын да білемін
Сіздей ұстаз аман болсын дер едім
Әлемдегі асылдарды теңесем де
Сізге жетпес қазына дедім мен де
Қанша асыл,қанша байлық берсең де
Айырбастап алмас едім ештеңеге
Таңжар Әйгерім, Ұстазға арнау lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

10.12.2016