Көңіл толқуы

Тамара Асар

2018

7
0

Share:





Загрузка...



Тұлпардаймын тыпырлап тұншылаған
Сұңқардай сонарда тұмшаланған
Жылдар жеңіл бүгінде баяулады
Айналамда көбейді сыншыл адам

Қайырмасы
Қалғаным жоқ өмірде құр алақан
Дәрежем жоқ біреуден сұрап алған
Кешргейсің ағайын дос жаран жолдастарым
Кезім болса көңілден шыға алмаған

Жүгірмеймін асығып бұрынғыдай
Күндерімде кейде бұлай кейде бұлай
Уақыт қуып артымнан келе жатыр
Алға итеріп кейнге бұрылғызбай

Қайырмасы
Қалғаным жоқ өмірде құр алақан
Дәрежем жоқ біреуден сұрап алған
Кешргейсің ағайын дос жаран жолдастарым
Кезім болса көңілден шыға алмаған

Тамара Асар Көңіл толқуы lyrics, Тамара Асар 2018


Загрузка...





Comments

Shinargul Bisembieva

15 2018

Алла тағалам тіл көзден сақтасын. Алға Қуандық Рахым

Айгул

Corrected text

31.10.2018
Users